«Бар күшімізді саламыз»: Меркіде қайтыс болған Мадинаның ісін белгілі адвокат қолға алды
Жамбыл облысында қайтыс болған Мадина Рашидқызының ісін белгілі адвокат Инга Иманбай қорғайтын болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Заңгердің айтуынша, Мадинаның анасы істі өз бақылауына алуды сұраған. Осыдан кейін адвокат Жан Ахмадиевпен бірге істі жүргізуге кіріскен.
«Мадина үшін әділдік! Мадинаның өліміне қатысты істі анасының өтінішімен Жан Ахмадиев екеуміздің командамыз қолға алды. Енді бұл істі ақпараттық та, заңгерлік те тұрғыдан соңына дейін алып барамыз. Мадинаның өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып, әділ құқықтық баға берілуі үшін бар күшімізді саламыз», — деп жазды Инга Иманбай.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0