Батырхан Шүкеновтың ұлы мен Бибігүл Төлегенова кездесті (ВИДЕО)
Танымал әнші Батырхан Шүкеновтың ұлы Мақсұт – қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төленовамен кездесіп, батасын алды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әлеуметтік желіде бұл туралы – Лека Савельева жариялады.
«Аңызға айналған Батырымыздың ұлы Мақсұт Бибігүл Ахметқызының үйіне қонаққа барды. Батыр Бибігүл Ахметқызын өте қатты жақсы көретін. Оның махаббаты жасандылықсыз, шынайы еді. Ол үшін Бибігүл апайы екінші анасы сияқты болды. Консерваторияда оқыған кезінде де оның үйі жарық сәулесі сөнбейтін, жылуы мен мейірімі көп шаңырақ еді», — деп жазды ол.
Батырхан Шүкенов – әлемнің қай түкпірінде, қай жерінде жүрсе де, 16 желтоқсан күні Бибігүл Ахметқызын құттықтау үшін Алматыға ұшып келетін дейді. Ал, бүгін – Бибігүл Ахметқызының қасында Мақсұт Батырұлы отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0