Белгілі күйші Райхан Мұхаметұлы дүние салды

Бұл туралы филолог Асылбек Байтанұлы өз Facebook парақшасында жариялады.

Ақпан 10, 2024 - 22:28
 0  180
Белгілі күйші Райхан Мұхаметұлы дүние салды

90 жасқа қараған шағында танымал күйші, Баян Өлгей, Алтай, Қобда беті күйшілік мектебінің өкілі Райхан Мұхаметұлы өмірден, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

“Алтай-Қобда күйшілік мектебінің, әйгілі "көп қалақша ауылы" атанған Бейіс зәңгі бастаған күйшілер әулетінің белді өкілі, Баян-Өлгий аймақтық музыкалды-драма театрының тұңғыш кәсіби домбырашылар тобының мүшесі, музыкант, сазгер, ұстаз, көптеген авторлық, әулеттік, халықтық күйлерді қазақ радиосының алтын қорына жаздырған шығармашыл тұлға еді.
Абыз ақсақалдың Шынат аға бастаған ұрпақ-жұрағатына, немересі, белгілі журналист Алтынбек Хумарзах бауырымызға, күллі төлек ата балаларына қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамыз. Атамыздың алды жарық, топырағы торқа болсын”, - деп көңіл айтты әдебиетші.

Сондай-ақ ол күйшінің қонақсы өтетін жері мен уақытын хабарлады:

Қонақасы 10.02.2024 жыл, сағат 19:00, Қарағанды қаласы, 16 шағын ауданы, 41 “Дастан” мейрамханасы

Жаназасы: 11.02.2024 жыл, сағат 09:00, Қарағанды, Сортировка кенті, Зеленый лог көшесі 6,2/1
Осакаров ауданы Сарыөзек (Вольск) ауылы зиратына жерленеді.

 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 3
😮 Жарайсың 0