Белгілі журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті

Тамыз 23, 2025 - 12:41
Белгілі журналист Айгүл Аханбайқызы өмірден өтті
Фото: Айгүл Аханбайқызының жеке архивінен

Ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін танымал журналист Айгүл Аханбайқызы дүниеден өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысының (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданына қарасты Ойтоған ауылында дүниеге келген.

1989 жылы Алматы қаласындағы Габит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебін тәмамдады.1990-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «журналистика» мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек жолын студенттік шағында Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып бастаған. Кейін республикалық қоғамдық-саяси «Жас алаш» газетінде бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі», «Егемен Қазақстан» газеттерінде еңбек етті, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметінде менеджер болды.

Ол «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Құрмет» орденінің кавалері атанған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow