Алматылық белсенді Оразалы Ержанов 10 тәулікке қамалды: Полиция себебін түсіндірді

Ақпан 26, 2026 - 14:14
Ақпан 26, 2026 - 14:54
 0  6
Алматылық белсенді Оразалы Ержанов 10 тәулікке қамалды: Полиция себебін түсіндірді
Фото: yerzhanov.kz

Қазақстанда белгілі қоғам белсендісі Оразалы Ержанов әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Sadaq.kz ақпараттық порталы журналист Гүлжан Ерғалиеваның әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, Оразалы Ержановты белсендіні түнде үйінде тінту жүргізілгеннен кейін алып кеткен. Бастапқыда ұстау себебі белгісіз болғанымен, кейінірек Алматы қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

Полиция департаментінің мәліметінше, белсендінің жазбаларынан жалған ақпарат тарату және референдумға бойкот жариялауға шақыру белгілері анықталған. Сонымен қатар, сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіру ықтималдығы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.

«Пікір білдіруге тыйым салынбаған, алайда жалған ақпарат таратып, фактілерді бұрмалағаны үшін жауапкершілік қарастырылған», — деп атап өтті полиция өкілдері.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жаңа Конституцияға бойкот жариялауға шақырған заңгердің бейнежазбасы тарады. Онда заңгер өзін белгісіз тұлғалардың ашық түрде аңдығанын айтып, «Халық жауы емеспіз» деп мәлімдеген.

Айта кетейік, соңғы уақытта белсенділерге қатысты қысым жиілеп кетті:

22 ақпан күні Жаңа конституция туралы жазбалары үшін Астаналық белсенді қамауға алынды.

4 ақпан күні белсенді Дина Елгезек пен Жалғас Ертайдың үйіне полиция қызметкерлері келген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0