Берік Тұрсынбеков: «Күлпәш» образынан мезі болдым

Кейде «Күлпәш, Күлпәш» десе, жүйкеме тиетіні бар.

Ақпан 29, 2024 - 14:32
Ақпан 29, 2024 - 14:34
Берік Тұрсынбеков: «Күлпәш» образынан мезі болдым
Фото: instagram _kulpash

Әзілкеш Берік Тұрсынбеков «Күлпәш» образынан мезі бола бастаған секілді. Бұл туралы ол «Менің өмірім» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Мені Күлпәш арқылы таниды. Әр актердің, әртістің паспорты болады. Өкінішке қарай, менің паспортым Күлпәш болып тұр. Кейде «Күлпәш, Күлпәш» десе, жүйкеме тиетіні бар. Қазір жас емеспін. Өз жасыма лайықты көңіл бөлінгенін қалаймын. Кейде зияны тиіп жатады. Бірақ сол арқылы таниды. Сол арқылы басқа рөлдерімді қарайды. Концерттерге шақырады», – деді Берік Тұрсынбеков.

Ол өзін танытқан «Күлпәш» образы қайдан шыққанын да баяндап берді.

«Күлпәш – мен танитын әйелдер образының жиынтығы. Оның ішінде әпкелерім, жеңгелерім, құдаша, құдағиларым бар. Өзімнің сондай алаңғасар жеңгем бар. Өзім сондайды көріп өскенмін. Қайнысы мен жеңгесінің әзілі ұнайды маған. Ұят нәрсені астыртын жеткізіп әзілдейді. Қазір жеңгеңмен әзілдессең, соттатып жібереді. Жеңгелерімнің образы үшін, естелік ретінде Күлпәш образы шықты. Бұл рөлді әйел ойнаса, бұлай шықпайтын еді. «Күлпәш» рөлінен шаршайсың ғой. Жалпы, әйел рөлін берсе, ат-тонымды ала қашамын. Жас кезімде кімнің рөлі болса да, бәрібір еді. Қазір таңдай бастадым», – дейді актер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow