Бес айлық сәби қарақұмық ботқасына тұншығып қайтыс болды – мамандар ескерту жасады

Дәрігерлер ірі жарма баланы тұншықтырып тастауы мүмкін деп болжап отыр

Тамыз 18, 2025 - 11:09
Тамыз 18, 2025 - 11:20
Бес айлық сәби қарақұмық ботқасына тұншығып қайтыс болды – мамандар ескерту жасады
Фото: freepik.com

Павлодар қаласында бес айлық сәби ұйықтап жатып шетінеп кетті, деп жазады lifepvl.kz. 

Сайт мәліметінше, сәби қарақұмыққа тұншығып қалған болуы мүмкін. Қайғылы оқиға 1 тамызда тіркелген.

«Анасы бес айлық баласына қарақұмықты үгітіп, ботқа пісіріп берген соң оны ұйықтатып тастаған. Түн ортасында, сағат 01.00 шамасында жас ана баласының тыныс алмай жатқанын байқаған. Үйге келген дәрігерлер баланың көз жұмғанын анықтады», - деп хабарлайды дереккөз.   

Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай балалар ұйықтап жатып тұншығып көз жұматын жағдайлар кездесіп тұрады. Дәрігерлер баланың тамағына, кеудесіне, ішіне тұрып қалған заттар оны тұншықтырып, тыныс алуын қиындатады дейді. Тіпті кейде бала құлап кетпесін деп төсеп қойған жастықтың өзінен сәби ажал құшуы мүмкін. Ал кейде еміп жатқан баланың өзі ана сүтіне шашалып, қайтыс болады.

«Дәрігерлер балаға тамақ бере сала ұйықтатпау керек дейді. Төсегіндегі қауіпті заттарды да азайтып, баланың тамағы әбден сіңгеннен кейін жатқызу керек», - деп кеңес береді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow