Бишімбаев соты: Судья алқабилерге сұрақ қойып, ақылдасу бөлмесіне кетті
Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы қайта жалғасты.
Судья Айжан Құлбаева алқабилерге дайындалған сұрақтарды оқып берді.
Жалпы 13 сұрақ дайындалған. Оның 10 сұрағы Қуандық Бишімбаевтың кінәсін дәлелдеуге қатысты қойылады.
Ал Бақытжан Байжановтың кінәсі туралы 3 сұрақ қойылады. Осыдан кейін алқабилер дауыс беру және қорытынды шығару үшін кеңесу бөлмесіне жіберілді.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сотта үзіліс жарияланып, 13 мамырға дейін үзіліс жарияланған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?