«Біз бармыз, біз аман қалдық»: Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайына араша түсті

Қаңтар 7, 2026 - 14:39
Қаңтар 7, 2026 - 12:24
 0  12
«Біз бармыз, біз аман қалдық»: Алагөзовтің экс-жары Сатаевтың бұрынғы жұбайына араша түсті
Фото: ғаламтордан

Кәсіпкер Тұрсын Алагузовтың экс-жары Ляйсира Марат режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаеваның қоғам алдына шығуын қолдап, оны сынаған жұртқа жауап қатты. 

Ол әйелдердің үнсіз қалуға мәжбүр болған тағдырлары жайлы айтып, мұндай әңгімелердің дәл қазір айтылуы заңды екенін жеткізді. Бұл туралы Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қоғамда қызу талқыға түскен Назира Бақаеваның сұхбатынан кейін оған бағытталған сын көбейді. Көпшілік «неге дәл қазір», «бұрынғы күйеуінің жаңа отбасы бар кезде сөйлеудің қажеті не» деген сарындағы пікірлер жазды. Алайда бұл көзқараспен Ляйсира Марат үзілді-кесілді келіспейтінін жазды.

Оның сөзінше, Назира Бақаева бұл шешімге бір күнде келмеген. Керісінше, ұзақ жылдар бойы ішкі күйзелісті еңсеріп, өзіне жауап іздеген.

«Менің ойымша (иә, бұл жолда “тәжірибем бар” деп айтуға болады), Назира осы жылдарда үлкен рухани жолдан өтті. Әр сөзі мен қимылынан терең сезім байқалады. Ол ұмыт қалудың құрсауын бұзып, өзіне мұқтаж жандарға шықты. Біз бармыз. Біз аман қалдық. Демек, бұл – жарық пен махаббатқа толы екінші өмір», – деп жазды Ляйсира Марат.

Тағы оқыңыз: «Ол мені қараңғы түнектен құтқарды»: Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі қызбен тұрмыс құрған

Ляйсира Марат әйелдің басынан өткенді айтуы ешқашан «біреудің тыныштығын бұзу» деп бағаланбауы тиіс екенін атап өтті. Оның сөзінше, мұндай әңгімелер – жеке есеп айырысу емес, ортақ тәжірибе.

Ол жазбасында өзге әйелдердің де тағдырына тоқталды. Ол актриса Альмира Тұрсынның бұрынғы жұбайы Артурмен таныс болғанын айтып, оның отбасылық кезеңін еске алды. Сондай-ақ кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың экс-жұбайы Жаннаның басынан өткен ауыр жылдарды мысалға келтірді.

Айтуынша, ол кезеңде Жаннаның бес баласы болған, анасы онкологиялық дерттен көз жұмған, ал күйеуі отбасынан кетіп қалған. Кейін Жанықұлов тележүргізуші Динара Сәтжанға үйленген еді.

Бұл жазба – қоғамда «ұмыт қалуға» мәжбүр болған әйелдерге үн қату, дейді Ляйсира Марат. Ол өз постын дәл осындай тағдырды бастан өткерген оқырмандарына арнағанын ашық жазды.

Тағы оқыңыз: «Ақшалай көмектесемін»: Ақан Сатаев бұрынғы әйелінің сұхбатынан кейін мәлімдеме жасады (ФОТО)

Айта кетейік, Назира Бақаева берген сұхбатында ажырасуға алып келген ең ауыр сәттердің бірі күйеуінің актриса Альмира Тұрсынмен қарым-қатынасы болғанын айтқан. Ол көп әйел алушылықты қабылдай алмағанын жасырмады.

Кейін режиссердің өзі бұл мәлімдемеге пікір білдіріп, ажырасу себептері үшінші тұлғаларға қатысы жоқ екенін, шешімнің екіжақты қабылданғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0