Burger King дауы: жұмыстан босату мен Әлібекке қарсы «жала жабу» науқаны

Ақпан 19, 2026 - 17:39
Ақпан 19, 2026 - 18:23
 0  4
Burger King дауы: жұмыстан босату мен Әлібекке қарсы «жала жабу» науқаны
Фото: digi24.ro

Burger King Kazakhstan желісінде Әлібек Қаратайдың қатысуымен болған шулы оқиғадан кейін компания ресми мәлімдеме жасап, кінәлі тұлғаларды жұмыстан шығарғанын хабарлады. Алайда, жәбірленуші тарап компанияның бұл қадамын «кек алу» әрекеттеріне ұласты деп айыптауда. Бұл туралы Sadaq.kz хабарлайды.

Компания жүргізілген ішкі тексеруден кейін қатаң корпоративті стандарттарды бұзғаны үшін аймақтық менеджерлер Сергей мен Анастасияның енді компания қызметкері емес екенін растады. Ресми мәлімдемеде Burger King инклюзивті орта мен тең мүмкіндіктер беру қағидаларын ұстанатынын және кемсітушіліктің кез келген түріне қарсы екенін атап өткен. Сондай-ақ, компания басшылығы Әлібектің анасы Жанат Қаратайға жағдайды жүйелі түрде талқылау үшін хабарлама жолдағанын білдірді.


Ресми мәлімдемен кейін, Әлібектің анасы Жанат Қаратай желіде басқа жаңалықпен бөлісті. Оның айтуынша, жұмыстан қуылған менеджерлердің командасы «кек алуға» көшкен.

«Қазір біздің отандастарымызды, жас жігіттер мен қыздарды, студенттерді қорғансыз аутист жігітті (Әлібекті) өтірік айыптауға мәжбүрлеп жатыр. Оны 'агрессивті болды, адамдарға тап берді' деп арыз жазғызып, қоғамға қауіпті етіп көрсетпекші», — деп жазды Жанат Қаратай.

Желіде тараған ақпараттарға қарағанда, мейрамхана қызметкерлеріне Әлібектің мінез-құлқын айыптайтын түсініктеме жазуға қысым көрсетілуде. Бұл жағдай қоғам арасында компанияның «екіжүзділігі» ретінде қабылданып, үлкен наразылық тудырып отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0