«Келісімдеріңе берік болыңдар»: Жәнібек Көпжасар Иранның Қазақстанға Құран аяты арқылы ишара жасағанын айтты

Шілде 8, 2026 - 11:49
app_badging Шілде 8, 2026 - 11:57
chat_bubble  0 visibility  2
«Келісімдеріңе берік болыңдар»: Жәнібек Көпжасар Иранның Қазақстанға Құран аяты арқылы ишара жасағанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ирантанушы Жәнібек Көпжасар Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеимен қоштасу рәсімінде Қазақстан делегациясына оқылған Құран аятының астарында белгілі бір ишара болуы мүмкін деген пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.

Сарапшының айтуынша, ресми рәсім кезінде шетелдік делегациялар табытқа жақындаған сәтте әр мемлекетке әртүрлі Құран аяттары оқылған.

Оның пайымдауынша, кейбір елдерге құрмет, бірқатарына ескерту немесе саяси ишара ретінде түрлі аяттар таңдалған. Қазақстан делегациясы табытқа жақындаған кезде, сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың алдында «Уа, иман келтіргендер! Келісімдерің мен міндеттемелеріңе берік болыңдар!» деген мағынадағы «Әл-Мәида» сүресінің бірінші аяты оқылған.

Жәнібек Көпжасар мұны Қазақстанға бағытталған астарлы белгі болуы мүмкін деп есептейді. Сондай-ақ ол дәл осы аяттың Аятолла Хомейнидің немересі Сейіт Хасан Хомейни табытқа жақындаған сәтте де оқылғанын атап өтті.

Оның сөзінше, Хасан Хомейни рәсімнің соңына дейін қалмай, ертерек кетіп қалған. Журналист бұл жайттың Иран қоғамында қызу талқыланғанын жеткізді.

Айта кетейік, бұл – Жәнібек Көпжасардың жеке пікірі мен талдауы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0