«Бұрын сотталған»: Салтанат Нүкенованың анасы отбасы жайлы сырды айтты
Тележүргізуші Дана Нұржігіт Салтанат Нүкенованың анасымен эксклюзивті сұхбат жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Сұхбат барысында марқұм Салтанаттың әкесі желтоқсан оқиғасына қатысып, тіпті үш жылға сотталғаны жайлы айтылды.
«Күйеуім Амангелді екеуіміз Целиноград ауыл шаруалық институтына бірге оқуға түскенбіз. Жыл соңында үйленеміз деп шешкенбіз. Желтоқсан айында Павлодарға билет алып ұшып кетуді жоспарлап қойғанбыз. Ол жақта ата-аналарымды таныстырамыз дедік. Сол жылдың 16-17 желтоқсан өздеріңіз білетін қайғылы оқиға орын алады. Сол кезде бірақ білдім. Амангелді желтоқсан оқиғасын ұйымдастырушылар қатарынан екен. Целиноградта жүріп түрлі плакаттар дайындап, басшы неге қазақ емес деп өз позицияларын білдіріп жатты. Желтоқсанның жиырмасы күні қасындағы жігіттері оның ұсталғаны жайлы қағазды әкеліп береді.
Сот болатынын да кейін хабарлады. Сот кезінде үш жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылды. Бірақ та оларды Астанада біраз кідіртті. Сол кезде оның анасы және ағалары жоғары сотта барып, тіпті Колбинге барып өтініштерін білдірді. Ағасы өте сауатты кісі болған. Түрлі хаттар жазылып, соның арқасында жазасын жеңілдетуге күш жұмсалды», - деді Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл ханым.
Сіздің реакцияңыз қандай?