Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?

Желтоқсан 24, 2024 - 10:31
Черчесовтің қызметінен кететіні рас па?

Әлеуметтік желіде Черчесовтың қызметтен кететіні туралы ақпарат тарады деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Бас бапкерге қатысты бұл ақпаратты спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен мәлімдеді.

«Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2 еуропалық маманның кандидатурасы ұсынылған. Қазір заңгерлер Черчесовтың келісім-шартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр», — деп жазған ол өзінің Telegram арнасында.

Алайда Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Рохус Шох Sport24 порталына желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мен мұны былай түсіндірейін,  бұл мен де, федерация да түсіндіргіміз келмейтін тағы бір қауесет», - деп атап өткен.

Еске сала кетейік, Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2024 жылдың жазында тағайындалды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы алты матч өткізді, оның біреуінде тең нәтижеге жетсе, бесеуі жеңіліспен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow