Дастан Сәтбаев бесінші минутта гол соғып, «Челсиді» алға шығарды

Шілде 28, 2026 - 15:12
 0  23
Дастан Сәтбаев бесінші минутта гол соғып, «Челсиді» алға шығарды
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтбаев Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамындағы алғашқы ойынында көзге түсіп, дебюттік голын соқты, деп хабарлайды Sadaq.kz.

17 жастағы қазақстандық футболшы жолдастық кездесуде алғашқы минуттардан-ақ алаңға шығып, матчтың бесінші минутында есеп ашты. Оның дәл соққысының арқасында лондондық клуб кездесуде 1:0 есебімен алға шықты.

Аталған ойын «Челсидің» Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтіп жатыр.

Бұл гол Дастан Сәтбаев үшін ерекше жетістік саналады. Өйткені ол Англияның алпауыт клубының негізгі командасындағы алғашқы кездесуінде-ақ мергендігімен көзге түсіп, кәсіби мансабындағы маңызды белесті бағындырды.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0