«Дауысына дейін аумайды»: Мақпал Жүнісованың қызы Мерей ән шырқап елді аузына қаратты

Танымал әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерей Заманбекқызы кешкі ас үстінде ән шырқап елді таң қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жариялады. Мерей Шәмші Қалдыаяқовтың "Арыс жағасында" әнін шырқаған.
"Туғандар әндетіп отырмыз. Кештеріңіз жарық болсын!", - деп жазды әнші.
Оның тамылжыған дауысын естіген көпшілік таңдай қағысты.
"Дауысына дейін сізден айнымай қалыпты", "Дауысы қандай әдемі. Керемет орындайды екен", "Өте әдемі дауыс. Кішкене ұялып отырған сияқты", - деп жазды оқырмандары.
Алайда Мерей туа біткен таланты болса да, өнер жолын қаламайтынын айтқан екен.
"Өзі жалғыз отырғанда жақсы айтады, бірақ әнші болмаймын деді", - деп жауап берді Мақпал ханым.
Сіздің реакцияңыз қандай?






