«Девальвация келе жатыр»: Желіде миллион теңгелік банкноттың видеосы тарады

Қыркүйек 3, 2024 - 12:08
Қыркүйек 3, 2024 - 12:21
«Девальвация келе жатыр»: Желіде миллион теңгелік банкноттың видеосы тарады
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде ірі номиналдағы банкноттардың бірнеше видеосы тарап кетті. Ұлттық банктің баспасөз қызметі танымал видеоларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Азат Бекболатов есімді желі қолданушысы 1 миллион, 50 миллион және 100 миллион теңгелік купюраларды көрсетіп бірнеше видео жариялады. 

Автор өз видеоларының бірінде 1 миллион теңге номиналындағы купюраны көрсетіп, оның ойынға арналған купюра екенін айтады. Алайда кейбіреулер мұндай банкноттардың бар екеніне сеніп, тіпті алапат девальвация келе жатқанын айтып, пікір білдірген.

Кейбіреулер тіпті осындай банкнотта төлем жасауды армандай бастады.

Айтпақшы, Ұлттық банктің баспасөз қызметі де видеодағы бейнежазбалардың шынайы банкнот емес екенін баса айтты.

«Қазақстан банкноттарының сериясы мен номиналдары туралы барлық ақпарат Nationalbank.kz сайтында қолжетімді», — деп еске салды баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow