Димаш Құдайберген Нью-Йоркте Қазақстанның әнұранын шырқады

Қазан 6, 2025 - 16:22
Қазан 6, 2025 - 16:27
Димаш Құдайберген Нью-Йоркте Қазақстанның әнұранын шырқады
Фото: instagram.com / kudaibergenov.dimash

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші әрі мәдениет қайраткері Светлана Айтбаева ұлы Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңындағы ауқымды концертінен алғашқы кадрларды бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz. Светлана Айтбаева жариялаған видеода әртүрлі елден келген Димаштың жанкүйерлері орындарынан тұрып, онымен бірге Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын қазақ тілінде айтып жатқан сәті көрініс тапқан.

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі аты аңызға айналған Madison Square Garden сахнасында жеке концерт өткізген алғашқы қазақстандық әртіс атанды. 5 қазан күні өткен шоу зал толы көрерменнің қатысуымен өтіп, әншінің “Stranger” атты әлемдік турының бастамасы болды. Әнші SOS, The Story of One Sky, Love’s Not Over Yet секілді туындыларын орындап, Stranger композициясында қобыз бен виолончельді үйлестірді. 

Тағы оқыңыз: «Жарасымды жұп»: Баян Алагөзованың қызы Димашпен көңіл жарастырған ба

Madison Square Garden - әлемдегі ең беделді сахналардың бірі. Мұнда Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және Битлз сынды әйгілі әртістер өнер көрсеткен. Бұл - Димаштың Нью-Йорктегі екінші концерті. Ол алғаш рет мұнда 2019 жылы «Arnau» туры аясында сахнаға шыққан еді.

Желі қолданушылары эмоцияларын жасыра алмай, төмендегідей пікір қалдырған:

«Димаш пен оның анасы, құрметті Светлана ханым, елдің Мемлекеттік Әнұранын тыңдауға алыстағы Америка жұртын орнынан тұрғызғанына қалайша мақтанбасқа. Бұны көріп, жүрегімді мақтаныш кернеп кетті. Дендеріңіз сау болсын, сіздер - бүкіл қазақ халқының мақтанышысыздар».

Тағы оқыңыз: «Димаш отбасының тұзағында»: Психолог танымал әншіге талдау жасады (ВИДЕО)

«Бұл – керемет! Гимн – біз үшін Димаштың Отанын құрметтеудің белгісі. Ол бізді Қазақстанға ғашық етті! Мәтінді Латвияның гимніндей жаттап алдық, сондықтан Ригада да үлкен қуанышпен, мақтанышпен орындаймыз».

«Димаш, бүкіл Қазақстан атынан сізге бас иеміз! Қазақстанды осылайша әлемге таныту екінің бірінің қолынан келмес еді».

«Концерт – керемет! Димаш – ең үздік! Осы тарихи концертті тікелей эфирде көруге мүмкіндік сыйлаған баршаңызға рақмет. Димашқа болашақта да дәл осындай аншлагтармен әлемдік сахналарды бағындыруды тілейміз. Біз сізді жақсы көреміз».

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow