«Қазіргі кездің Жібегі мен Төлегені»: Димаш Құдайбергеннің қарындасы мен күйеу баласы желіні сүйсіндірді
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген мен оның жары Катардың Доха қаласында түскен әсерлі суреттерін жариялады. Жас жұбайлардың теңіз жағасындағы романтикалық сәттері отандық және шетелдік оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Раушанның жары Ермахан Аймахан инстаграм парақшасында Мұхтар Шахановтың махаббат туралы отты өлең жолдарын арнап, жарына деген адал сезімін жеткізді:
«Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.
Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,
Ал қалғаны жай күндер...»
Оқырмандар жастарды қазақтың аңыз жұптарына теңеп, мақтауын асыруда: «Қазіргі кездің Жібегі мен Төлегені. Мәңгі бірге жүзіңіздер!», «Корей дорамасының актерлері сияқты өте сүйкімді», «Тіл-көзден сақтасын, нағыз жарасымды жұп!».
Айта кетейік, Димаштың анасы Света Айтбаева да жастардың бұл жазбасын қолдап, жүрекше қалдырған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0