«Дөкейлерін қосып, тырнағын батырса да…»: Жұлдыз Әбдікәрімова әділ сотқа сенетінін айтты

Қыркүйек 27, 2024 - 12:26
Қыркүйек 27, 2024 - 12:30
«Дөкейлерін қосып, тырнағын батырса да…»: Жұлдыз Әбдікәрімова әділ сотқа сенетінін айтты

Ол соттың жария өткенін қалап отыр. Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен адаммен нақты соттасатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сот болады. Менің қорғаушыларым қобалжып жатыр. Қарсы тарап таныс-тамырларын қосып, сотқа ықпал етпекке әрекет етіп жатыр. Қанша жерден дөкейлерін  қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін. Ол адамның кім екенін айтып, не үшін соттасып жатқанымды айтып беремін. Заңгерлеріммен ақылдасып істейміз», - дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Осыған дейін актриса жақын адамы іш-бауырына кіріп, құжаттарға қол қойдырып, оңдырмай алдап кеткенін  хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow