Доллар бағамы 520 теңгеге дейін көтерілді

Қараша 28, 2024 - 12:08
Доллар бағамы 520 теңгеге дейін көтерілді
Фото: Pixabay.com

28 қараша күні таңертең Қазақстанның кейбір ақша айырбастау пункттерінде доллар бірлігі 520 теңгеден сатылып жатыр, ал ресми бағам әлі 500 теңгеге дейін жеткен жоқ, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Kurs.kz порталының 28 қараша күнгі таңғы мәліметі бойынша, қазақстандық айырбастау орындарында долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

Алматыда: сатып алу – 500-513 теңге, сату – 513-520 теңге;

Астанада: сатып алу – 506-509 теңге, сату – 513-516 теңге.

Алайда, Ұлттық банктің сайтында көрсетілгендей, 28 қарашада таңертең доллардың ресми бағамы бірлігіне 499,55 теңгені құрайды.

NUR.KZ айырбас бағамы бетіндегі мәліметтерге сәйкес, екінші деңгейдегі қазақстандық банктерде долларды сатып алу және сату мынадай бағам бойынша жүзеге асырылады:

Астанада: сатып алу – 505-507,5 теңге, сату – 513,25-515 теңге;

Алматыда: сатып алу – 507,75-510 теңге, сату – 513,25-516 теңге.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow