«Дубайда таяқ жеген» : Уәлибек Әбдірайымов туралы ақпарат шықты

Шілде 3, 2025 - 09:54
«Дубайда таяқ жеген» : Уәлибек Әбдірайымов туралы ақпарат шықты
фото: әлеуметтік желіден

Халықаралық деңгейде танылған әзілкеш әрі "Шаншар" театрының жетекшісі Уәлибек Әбдірайымов желіде дау тудырды.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі оның сахнадағы сөзін ерсі деп бағалап, осындай өнер иелеріне тоқтау салу керек екенін жазған.

"Бұл кісі сахнада неге әлі жүр? Үйге келген қонақтар «Шаншар» театрының қойылымын қарап отырған. Өтіп бара жатып, құлағым шалып қалды. Ести сала төбе шашым тік тұрды. "Ол Дубайда таяқ жегеніне рақмет айтсын" дейді. Осындай сөздерден кейін зорлық-зомбылық қалыпты жағдай секілді қабылданып кетеді" – деп жазды сын авторы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow