Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетті

Желтоқсан 20, 2024 - 11:45
Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетті

Думан Мұхаммедкәрімге Қонаев қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. Талдықорған түрмесінде отырған Думан денесін жарақаттап, аштық жариялап, өзін Заречный түрмесіне ауыстыруды сұраған. Алайда адвокаты оны Қызылордаға әкеткендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

«Думанды Қызылордаға этаппен жібергендерін кеше маған қоңырау шалып айтты. Денсаулығы нашар. Қай мекемеге жібергендерін білмеймін. Жеткенде белгілі болады ғой. Қолын жарақаттанғанда медициналық көмек көрсеткен. Заречныйға ауыстыру туралы арыз жіберген болатынбыз. Енді қаңтар айында Қызылордаға өзім барып қайтамын», — деді Ғалым Нұрпейісов Orda.kz тілшісіне. 

Бұған дейін Думан Мұхаммедкәрім өзін Алматы облысындағы түрмеге ауыстыруды талап етіп, аштық жариялаған болатын.  Ғалым Нұрпейісов оның 7 желтоқсанда аштықты тоқтатқанын айтты.

Думан Мұхаммедкәрім «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» деген айыптармен ұсталған болатын. 20 рет сот отырысы өтіп, 2 тамыз күні үкімі айтылды. 

Бүгін ол 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып,  7 жыл бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, сотқа дейін Думанның ісіне қатысты өткен баспасөз мәслихаты жайлы жазған болатынбыз. Онда Думан Мұхаммедкәрімнің қазіргі уақытта денсаулығы нашарлап, ауруханада жатқаны жайлы айтылған болатын.

Бұған дейін Orda.kz оның соты  жайлы жазды. Онда Думан Мұхаммедкәрім «сотқа сенім білдіресіз бе?» деген сұраққа: «Менде таңдау жоқ, сенсем де, сенбесем де сол! Менің үкімім баяғыда шығып қойған!» деп жауап берген болатын. 

Еске сала кетейік, жиырмасыншы сотына Orda.kz тілшісі қатысып, соңғы сөзі жайлы біліп қайтты. Ол соңғы сөзінде тағылған айыптарды мойындамайтынын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow