«Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым»: Дариға Бадықованың экс-жолдасы актрисамен ажырасу себебін жайып салды

Қазан 6, 2025 - 09:45
Қазан 6, 2025 - 09:59
«Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым»: Дариға Бадықованың экс-жолдасы актрисамен ажырасу себебін жайып салды
Фото: видеодан скриншот

Актриса Дариға Бадықова мен экс-жолдасы Дархан Мұсаевтың отбасылық өмірі, ажырасуы қоғамда қызу талқыланып жатыр.  Актрисаның бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында жұбайымен арасы суыған сәтті еске алды, деп жазады Sn.kz.

“2023 жыл, “Хотя бы в киноның” Таиландта түсіріліп жатқан кезі. Ол фильмге түсуге, мен жұмыс барысымен шетелге кеттім. Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым. Бірақ білдіртпедім. Келіп алып “Ойбай, Олжас керемет адам екен, көмектесейік, емдетейік” деп ерекше құлшыныспен айта бастады. Сөйтіп “Таптым-ау сені” фильмін түсіретін болдық. Түсірілім басталып кетті, оның ара-қатынасы күшейе түсті. “Көңілің кетіп қалды ма” деп сұрап едім, “Ойбай, мен қайтемін” деп сендірді. Түсірілімде Олжас менен қашып жүрді”, – дейді Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі. 

Ол түсініспеушіліктің алдын алу үшін актрисамен бірнеше рет сөйлесіп, ескерткенін айтты. Бірақ ол күдігінің бекер екенін айтып, жоққа шығарған. Тіпті, түсірілім кезінде жары ретінде жанында жүріп, қолдау білдірмек болғанда Дариға бетін қайтарып, келтірмей қойғанын жеткізді. 

Олжас Абаевтың ерлі-зайыптылардың үйінде тұрғаны да белгілі болды. Дархан Мұсаев сол кезде Олжастан да әйелі екеуінің арасы тым жақындап кеткенін айтқанда, актер мойындамай, өз сөзіне сендірген. 

“Демін алып алды да “Мамамды, бәрін асырап шаршадым. Кинодан, басқадан ақшаны көтеріп, шетелге кетейінші” деді. Неге осы әңгіме 16-17 жыл бұрын айтылмай, қазір айтылып отыр. Сенің расымен көңілің кетіп қалған жоқ па” деп сұрағанда шашын жұлмалағандай ашуланды. Сөйтіп кетіп бара жатқанда “Сенің байлығың – менің шайлығым. Ақшаң да, байлығың да керек емес, бір нәрсені ғана кешірмеймін. Егер Олжаспен бір әңгімеңді естіп, кетуіңе сол себеп болса сені кешірмейтін, істейтінімді істеймін” дедім. Сөйтіп кетіп қалды”, – деді Дархан Мұсаев.

Алайда актриса, әлеуметтік желідегі парақшада өз шындығын айтып, барын жайып салды.

«Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой, деп көп нәрсені ашып айтпағанмын. Бекер жасаған екенмін...Барлық әйел солай деп ойлаймын. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпай-ақ қойсын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен «жертва» болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз болған. Артысып, тартысып, бір үйде жай ғана тұрып жаттық. Толық айтармын бәрін. Киноға жасап отырған қастандығы бұл. Мені қызғансаң да, бағымды, өнерімді тартып ала алмайсың! Бақытты болып өмір сүрмедік. Менің тұншыққан күндерім көп болды. Уылжып отырып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім-ай. Жеке өмірді айтпаймын деуші едім, еркек өзі «жертва» болып отырған соң, мен де айтамын.

Мені о бастан көре алмай, өзін төмен санап қырылатынбыз! Қызғаныштың түбі міне – кино шыққанда жасап отырғаны», - деп жазды актриса.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow