Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қараша 26, 2025 - 14:41
Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылы болады. Антициклон әсерінен республика аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек солтүстік және шығыс өңірлерде фронтальды бөліктермен кей жерлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтеді.

Алайда антициклонның суық ауа массаларымен толығуы елдің басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. 

«29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде термометр бағандары минус 8-13°С дейін, ал оңтүстік жартысында минус 2-7°С дейін төмендейді», – делінген синоптиктердің болжамында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow