Елімізде сегіз өңірдің бас прокуроры ауысты

Қыркүйек 29, 2025 - 20:42
 0  25
Елімізде сегіз өңірдің бас прокуроры ауысты

Бас прокурор Берік Асыловтың шешімімен сегіз облыстың прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Хабарламаға сәйкес, президентпен келісім бойынша Бас прокурордың бұйрығымен жаңа тағайындаулар жасалды:

  • Батыс Қазақстан облысының прокуроры – әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек;
  • Маңғыстау облысының прокуроры – әділет кеңесшісі Қушалиев Серікқали Жанбебекұлы.

Сонымен қатар, мемлекет басшысымен келісім бойынша бірқатар аумақтық прокурорлар да ауысты:

  • Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы;
  • Бас көлік прокуроры – Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы;
  • Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;
  • Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;
  • Жетісу облысының прокуроры – Жұмaқанов Бауыржан Альбертұлы;
  • Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;
  • Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;
  • Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Рудный қаласының бас прокуроры ұсталды. 

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0