«Арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз»: Бас сейсмолог жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасады

Қараша 5, 2024 - 14:58
 0  650
«Арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз»: Бас сейсмолог жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Алматыда және Алматы облысында болған жер сілкінісі бойынша қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады.

«Алматы қаласы және Алматы облысының тұрғындары 3-4 балды сезді. Бұл сейсмикалық жағдай еліміздің жоғары сейсмикалық аймағы үшін күнделікті болып тұратын табиғи құбылыс. Құрметті азаматтар, тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз», — деді Дәулет Сәрсенбаев.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0