Енді дәмхана мен мейрамханалардың шайпұл үшін 10% үстемақы алуына тыйым салынуы мүмкін
Бұған дейін заңгерлер дәмханалар мен мейрамханалардағы даяшылардың көрсеткен қызметі үшінтұтынушылар ақы төлеуге міндетті емес екенін айтып келген еді.
Еліміздің сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев дәмханалар мен мейрамханаларда қызмет көрсеткені үшін келушілерден 10 пайыздық төлем алуға тыйым салынатынын айтты.
Мекеменің кіреберісінде қызмет көрсету шарттары жазылған ұсыныс қағаз бар. Егер сіз дәмханаға кірсеңіз, ондағы талаптармен келіскеніңіз. Сонымен қатар қазір ішкі сауда ережелеріне өзгертулер әзірлеп жатырмыз. Егер сізге қызмет көрсетілсе және оның ішінде қызмет ақысы да кірсе, сіз ешқандай қосымша ақы төлемейсіз. Қазір осындай ережелері талқылап жатырмыз”, – деді Арман Шаққалиев.
Министр мұндай өзгерістерді еліміздегі кейбір кәсіпкерлердің құп көрмейтінін айтты. Десе де, аталмыш өзгерістер қазан айынан бастап енгізілмек.
Бұған дейін де көптеген заңгерлер дәмханалар мен мейрамханалардағы даяшылардың көрсеткен қызметі үшінтұтынушылар ақы төлеуге міндетті емес екенін айтып келеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?