«Ересектер еншісін бергісі келмеді»: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінен қалған мұраның бөліске түсіп жатқанын айтты
Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі – мен.
«Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында тележүргізуші, қоғам қайраткері Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің мұрасы бөліске түскенін алғаш рет айтты, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ол соңғы жылдары қатты өзгергенін жасырмады. Тележүргізуші марқұм күйеуін сағына көз жасын ұстай алмады.
Тағы оқыңыз: «Қайраттың биоматериалы сақталған»: Ләйлә Сұлтанқызы сәбилі болғысы келетінін айтты
Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің мұрасы балалары арасында қалай бөлінгені жайында былай деді:
«Шын мәнінде өсиет хат болған жоқ, заң бойынша алты ай көлемінде күтеді. Яғни, басқа балалары бар ма, болса, олар дәлелдеу керек деген сияқты. Мұра алты айдан кейін беріледі. Біздің жағдайда бес адам болды: ұлы мен қызы, екеуміздің екі ұлымыз және заңды әйелі – мен. Яғни, қандай мүлік болсын, ол алты адамға бөлінеді. Екі үлкен ұл мен қыз екі кішкентай інісіне еншілерін берді ме деп сұрайды, жоқ, берген жоқ. Бергілері де келмеді. Мен оларды түсінемін, себебі олар да Қайрекеңнің балалары, қалыптасқан тұлғалар. Бір қызығы, ешқандай дүние-мүлік қалған жоқ, бірақ некеде жиналған кез келген дүние-мүлік балаларға теңдей бөлінеді», — деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?