Экс-банкир Жомарт Ертаев қайта қамауға алынатын болды

Қазан 2, 2025 - 09:30
Қазан 2, 2025 - 10:33
Экс-банкир Жомарт Ертаев қайта қамауға алынатын болды

Bank RBK-ның бұрынғы басшысы Жомарт Ертаевқа қатысты сот қаулысы жойылды.

Бұл туралы адвокат Абзал Құспан хабарлады. 

«Бүгін Ертаевқа қатысты сот қаулысы жойылды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, прокурорға және Алматы облысының сотына, сондай-ақ бұл мәселені алғаш көтерген журналистерге шын жүректен алғыс айтамын!» – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Ертаев 2011-2017 жылдары қызметтік өкілетін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге «Bank RBK» АҚ-нан 144 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді.

Бұл іске барлығы 54 адам тартылып, олардың қатарында 41 топ-менеджер мен банк қызметкерлері болған.

2020 жылғы қарашада Алматы соты Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Биыл қыркүйек айында рақымшылыққа ілініп, Жомарт Ертаев бостандыққа шыққан еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow