Есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне жолақысын төлемей, қашып кеткен жолаушы ұсталды

Қараша 27, 2025 - 16:56
 0  19
Есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне жолақысын төлемей, қашып кеткен жолаушы ұсталды
Фото: видеодан скрин

Осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желілерде жолаушы құлағының мүкісі бар такси жүргізушісіне ақшасын төлемей, қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Астана-Көкшетау бағытындағы такси жолаушысы жүргізушінің жағдайын пайдаланып, жол ақысын төлемей көліктен түсіп кеткен, - деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, ол Көкшетаудың 30 жастағы тұрғыны болып шыққан.

"Азаматтың айтуынша, 24 қарашада сапарға шыққан, бірақ төлемей көліктен түсіп кеткен. Ол іс-әрекетін "қаржылық қиындықтарға байланысты" деп түсіндірді. Құқық қорғаушылар жолаушымен профилактикалық әңгіме өткізді. Ол сапар құнын толық өтеді", - деп жазылған хабарламада.

Полиция азаматтарды қылмыстық және әкімшілік заңнаманың нормаларын ғана емес, сонымен бірге өзара сыйластыққа негізделген қарапайым моральдық және адами принциптерді сақтауға шақырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aqmola_pd

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0