ІІМ алаяқтарға алданған белгілі журналист туралы мәлімдеме жасады

Шілде 9, 2025 - 15:34
Шілде 9, 2025 - 15:57
ІІМ алаяқтарға алданған белгілі журналист туралы мәлімдеме жасады

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай алаяқтардың құрбаны болған белгілі журналистің мәселесі туралы мәлімдеме жасады.

"Біз ол қылмыс бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мен бұқаралық ақпарат құралдарына нақты қандай әрекеттер жасалынып жатқандығын ашып айта алмаймын. Өйткені біздің қызметіміздің шектеуіне байланысты және Қылмыстық-процеcтік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу жүргізіліп жатқан кезде (оған қатысты деректерді – ред.) жариялауға болмайды. Бұл қылмыс бойынша тергеу амалдарын, жедел іздестіру әрекеттерін жүргізудеміз. Көбінесе мұндай қылмыстардың қайдан жасалынып жатқанын, қалай жасалынып жатқанын біз білеміз. Қазір іс зерделеніп, қылмыскерлердің ақшаны қалай алғаны, шетелге қандай транзакциялармен кеткені туралы тергеу жүргізіліп жатыр", - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар ведомство өкілі тергеу амалдары аяқталғанша баспанаға қатысты қандай да бір заңдық әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салынатынын айтып өтті.

Тергеушілер өз тарапынан үйге заң бойынша тыйым (арест) салады. Өйткені тергеу аяқталуы керек. Тергеу аяқталған соң бір шешімге келеді, - деді Жандос Сүйінбай.

Оның айтуынша, IT технологиялардың қарқынды дамуына байланысты, соңғы 8 жылда мұндай қылмыстар саны 10 есеге көбейген. 

"Тек биыл жыл басынан бері 11 мыңнан аса осындай қылмыс тіркелді. Министрлік киберқауіптерге қарсы тиімді шаралар қабылдап жатыр. Шығын сомасы 25 млрд теңге, оның 895 млн теңгеден астамының орны толтырылды. Айта кетерлігі, интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрі – фишингтік сілтемелер. Осы сілтемелер арқылы қылмыскерлер азаматтардың жеке деректері мен банк шоттарына қол жеткізеді", - дейді ол. 

Айта кетейік, белгілі журналист, профессор Кәкен Қамзин алаяқтардың құрбаны болып, жалғыз пәтерінен айырылып қалғаны туралы ақпарат тарады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow