Қамауда отырған қоғам белсендісі Санжар Боқаев босатылмайтын болды

Мамыр 22, 2026 - 11:19
chat_bubble  0 visibility  1
Қамауда отырған қоғам белсендісі Санжар Боқаев босатылмайтын болды
Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық соты қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасына жасалған шағымды қарап, оны қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Sadaq.kz Politico.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы оның адвокаты Радмир Утепов айтты.

Бұған дейін Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылған еді. Қорғаушы тараптың апелляциялық шағымын қалалық сот қанағаттандырмады.


«2026 жылдың 21 мамырында Алматы қалалық соты біздің апелляциялық шағымымызды қанағаттандырусыз қалдырды. Сот тергеу сотының қорғауымыздағы Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды», – деді Радмир Утепов.


Еске салсақ, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді. Бас прокуратураның мәліметінше, Санжар Боқаев ұлттық компанияда жұмыс істеген кезінде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0