«Қандай аянышты едіңіздер!»: Қарақат Әбілдина ашулы жазба жариялады (ВИДЕО)
Қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина әкесінің өмірден өткеніне 20 жыл толуына орай әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол желідегі парақшасында өзін кінәлағандарға ренжіп, артынша әрекетін түсіндіре кеткен.
«Биыл әкеміздің өмірден озғанына 20 жыл толып отыр. 15 ақпанда Жаңаарқада қара шаңырақтағы бауырларым әкеміздің аруағына арнап ас берді. Ауылға бара алмай, көңілде бір “әттеген-ай” қалғаны рас. Содан Қыдекең екеуміз ақылдаса келе, әкеміздің туған күнінде рухына арнап Құран бағыштап, өз тарапымыздан да ас беруді жөн санадық», - деді ол.
Ол еске алуды тойға айналдырды дегендерге жауап беріп, рухани кештің артықтығы жоқ екенін айтты.
«Қазақтың тарихында аста ат шаптырып, бәйге тіккен, балуандарды күрестірген, айтыспен, жырмен өткізген. Дәл сондай деңгейде өткізбесек те, қасиетті айда туған-туыс, құда-жекжат, дос-жаран, ел ағаларының басын қосып ас берген жайымыз бар. Құран да оқылды, бата да берілді, мәнді мағыналы әндер шырқалған рухани азық сыйлаған жиын болды», - деп түсіндірді Қарақат.
Әнші өзін сыйлап келген ағалары туралы да сөз қозғап оларға алғыс айтты.
«Қазақтың бүгінгі марғасқа тұлғалары Әлихан Бәйменов, Бекболат Тілеухан, Аманжол Әлтай сынды жерлес ағаларымыз да осы астың құрметті қонағы болды. Әкеміздің көзін көріп, анамыздың қолынан дәм татқан арда азаматтардың айтқан жылы естелігі, ақ тілегі сөз түсінетін адамға нағыз өнеге».
Әншінің айтуынша, әкесінің рухына арналған ас қасиетті айда өтіп, онда Құран бағышталып, ел ағалары мен жақындары бас қосқан. Жиын барысында марқұм туралы естеліктер айтылып, рухани мәні зор басқосу болған.
@aisholpantleutai Қарақат апамыздың шақыртуымен келіп қалдық??? #казахстан #қазақстан #астана #ораза #fyp ♬ оригинальный звук - Aisholpan Tleytai
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0