«Кандидат депутат емес»: Тамара Асар көпшіліктің сынына жауап берді

Шілде 12, 2026 - 22:53
chat_bubble  0 visibility  21
«Кандидат депутат емес»: Тамара Асар көпшіліктің сынына жауап берді
Коллаж: Sadaq.kz

Қазақстандық танымал әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иелерінің  саяси партияға мүше болуы мен кандидат ретінде ұсынылуына қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Өнер иесі жазбасында қоғамдағы бұл құбылысқа қатысты бірнеше сауал көтеріп, өз көзқарасын жеткізді.

«Әншілік мамандықтың партияға мүше болып, кандидаттыққа ұсынылуы осынша қоғамда диссонанс тудырғаны ерекше құбылыс.
Демек белсенді азаматшалардың түсінігінде өнер адамы, саясаттан, қоғамдық жұмыстан ада жүруі керек деген ой бар ма? Әлде әншілік мамандық осынша интернетті басына көтеретіндей өте мықты немесе жеккөрініш мамандық па? Әр адамның жүрегінде елге пайда, қоғамға қызмет жасағысы келетін саяси сұраныс бар. Партияның ұсынысын қабыл алуға ата-анадан алған тәрбием, жинаған білімім, ғылыми дәрежем, өмірлік тәжірибем сүйену!
Сайлау науқаны енді басталды, сайлаушы партиялардың белсенділігі мен өтімділігі өз нәтижесіне жеткен жоқ. Үгіт-насихат жұмыстарын ешкім бастаған жоқ. Кандидат деген 100% депутат емес. Мерзімінен бұрын асығыс пікір білдіру өзге емес, өзіңе жасаған қиянат. “Жақсы айтты деп сүйінбе, жаман айтты деп күйінбе. Сүйінсең мақтанып кетесің, күйінсең өзіңді жоғалтасың”… деп еді әкем. P.S. Ардақты АҒАЙЫН!!! Қуанып жақсы пікір білдіріп, құттықтағандарға көп-көп рақмет!!!
Ал құлақты кесіп, төбені тесіп пост арнап, арнайы парақшасынан орын беріп, күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып, жолымды ашып жатқандарға мың рақым. Сіздердің әрекеттеріңіз мені шынықтыруда. Жалғасы бар»,– деді әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0