«Қанша жыл күткен келініме қалай ән арнамаймын?»: Жазира Байырбекова келінін көрсетті

Ақпан 5, 2026 - 11:07
Ақпан 5, 2026 - 11:12
 0  113
«Қанша жыл күткен келініме қалай ән арнамаймын?»: Жазира Байырбекова келінін көрсетті
Фото: видеодан скрин

Өнердегі танымал жұп Жанболат пен Жазира көптен күткен келіндерін ел-жұртқа көрсетті, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Жазира Байырбекова жалғыз келінін бейнебаянға түсіріп, ән арнады. 

«Ал,сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне, Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған «Бауырсағы балдай қыз» әні «Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты.Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл-күймен қабыл алыңыздар», – деп жазды ол.

Әнші парақшасына бейнежазба жариялап, келінімен бірге көзге түсті. 

«Кеше қонақ күткенде, шаңырағымызға Асылы келді», – деп жазып, көптен күткен келініне ән арнамай тұра алмағанын айтты.

Көпшілік жас келінінің  Жазираға ұқсайтынын айтып, ақ тілектерін жазды.

«Жазирадан сондай керемет ене шығады», «Келін қайын ененің топырағынан деген рас екен», «Жазира мен Жанболатқа келін болған қыздың бағы бар», «Қадамы құтты болсын», «Келінің өзіңдей сұлу, өзіңдей ұяң екен», «Әдемі сұлу екен енесіне ұқсаған», деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 1