Қарағанды облысында 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалды
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 23 жастағы жұмысшыны топырақ басып қалған, деп хабарлайды Sadaq.kz.
ТЖМ-ның мәліметінше, оқыс жағдай 25 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданында болған.
Сол аудандағы Молоков көшесі маңында кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алған.
Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0