Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде жұмысшылар қаза тапты

Тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазан 2, 2025 - 11:15
 0  20
Қарағандыда кәріз құбырын ауыстыру кезінде жұмысшылар қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Кеше, 1 қазан күні Қарағандыда Шахтер даңғылында кәріз құбырын ауыстыру кезінде мердігер компанияның екі жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарағанды облыстық полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі – "Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қарағанды Су" компаниясы түсініктемесінде жұмыстарды мердігер ұйым – ТОО "НС Система" жүргізгенін айтты.

"1 қазанда учаскеде жер қазу барысында мердігер ұйымның екі қызметкері қаза тапты. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Компания өкілдері қаза болғандарды жерлеу шығынын "НС Система" басшылығы өз мойнына алатынын да атап өтті.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0