Қарағандыда төрт жасар қыз көз жұмды

Қазан 1, 2026 - 13:09
chat_bubble  0 visibility  14
Қарағандыда төрт жасар қыз көз жұмды
Фото: видеодан скрин

Қарағандының «Голубые пруды» шағынауданында төрт жасар қыз көпқабатты үйдің алтыншы қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, көз жұмды,  деп хабарлайды Sadaq.kz.

Қайғылы оқиғаға 2022 жылы туған бүлдіршіннің сол күні қонақта болғаны белгілі. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала бір сәт ересектердің қарауынсыз қалған.

Ауыр жарақат алған бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, қыз бала қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0