«Қасақана қауіп төндірді»: Полиция танымал блогер Daricorn-ды жауапкершілікке тартты

Сәуір 22, 2025 - 15:14
 0  63
«Қасақана қауіп төндірді»: Полиция танымал блогер Daricorn-ды жауапкершілікке тартты
фото: әлеуметтік желіден

Daricorn лақап атымен танылған алматылық блогер Дариға Нүркеева жол-көлік ережесін өрескел бұзып, төтенше жағдай туғызғаны үшін жауапкершлікке тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлім етті.

Полицияның мәліметінше, блогер жол қозғалысы ережелерін демонстрациялық және арандатушылық сипатта бұзғанын анықтаған. Белгі бермей, кенеттен жолақты ауыстырып, төтенше жағдай тудыратын видео түсірген. 

«Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі («Дабыл беру талаптарын орындамау») және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-бабының 1-бөлігі («Төтенше жағдай жасау») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0