Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды

Қыркүйек 29, 2026 - 00:49
 0  9
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барды. Сапар Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен ұйымдастырылды.

Берлинде Мемлекет басшысының Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздері жоспарланған.

Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылайды. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына да барады.

Сонымен қатар Германияның ірі компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесулер өткізеді.

Мемлекет басшысы Берлинде бизнес-форумға, ал Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0