«Қастандық жасала бергеннен қорқып қалғанмын»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың концерті туралы айтты
Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының концерті кезінде уайымға салынғанын айтып, әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
«Бір аптадан бері уайымнан шыға алмай денем құрысты. Төртінші әнге келгенде ашылдым. Халықтың көтеріңкі көңілі, қолдауы, ұлымның еркін ашыла бастағаны, жүрегімді бірден емдеп, уайымымның бәрі бір сәтте жоғалды. Негізі қастандық жасала бергеннен әбден жүрегім қорқып қалған ғой. Бір Алла жар болсын!», – деп жазды продюсер.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас Астанада шығармашылық жолындағы 20 жылдығына арналған концертін өткізген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0