Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған ер адам ұсталды

Концертке сатылған билеттер саны алаңның белгіленген сыйымдылығынан едәуір көп болған. Соның салдарынан көрермендер шамадан тыс жиналып, адамдардың қауіпсіздігіне қатер төнген.

Қазан 12, 2026 - 09:32
 0  11
Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған ер адам ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған, 1984 жылы туған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Полицияның алдын ала мәліметінше, концертке сатылған билеттер саны алаңның белгіленген сыйымдылығынан едәуір көп болған. Соның салдарынан көрермендер шамадан тыс жиналып, адамдардың қауіпсіздігіне қатер төнген.

Оқиға кезінде 18 жастағы бойжеткен зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

Құқық қорғау органдары концертті ұйымдастырған 1984 жылы туған Л. есімді азаматтың ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар полиция әлеуметтік желілерде тараған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәлімет бойынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0