«Қайраттың» қаһарманы: Темірлан Анарбеков бір күнде 100 мың оқырман жинады

Тамыз 28, 2025 - 09:00
Тамыз 28, 2025 - 08:39
«Қайраттың» қаһарманы: Темірлан Анарбеков бір күнде 100 мың оқырман жинады
Фото: Қайрат ФК

Алматының "Қайраты" тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл жетістікке жас қақпашы Темірлан Анарбековтың ерлігі себеп болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

21 жастағы голкипер пенальти сериясында "Селтик" футболшыларының үш бірдей соққысын қайтара отырып, команданы жеңіске жеткізді.

Оның сенімді ойыны миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап, бүкіл елдің мақтанышына айналдырды.

Тарихи матчтан кейін бір тәулік ішінде Анарбековтың Instagram парақшасына 100 мыңға жуық жаңа оқырман жазылды. Қақпашының танымалдығы күн санап артып келеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow