Қазақ боксшысы Ыстықкөлде суға батып көз жұмды

Шілде 14, 2025 - 09:20
Шілде 14, 2025 - 09:44
Қазақ боксшысы Ыстықкөлде суға батып көз жұмды
Фото: freepik.com

Қазақстандық бокста қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады. Kozachkov offside Telegram-арнасы жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып көз жұмғанын жазған. 

1bol.kz басылымының мәліметінше, спортшы оқу-жаттығу жиынына барған.

"Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан. Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді", - деп жазады басылым.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow