Қазақстан чемпионаты аясында 150-ге жуық маман аттестатталды
Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтіп жатқан грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттарындағы Қазақстан чемпионаты аясында жаттықтырушылар мен спорт төрешілерін аттестаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Аттестаттаудың басты мақсаты – мамандардың кәсіби даярлық деңгейін бағалап, олардың спорт саласындағы білімін нақты талаптарға сәйкестігін тексеру. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №100 бұйрығымен бекітілген Аттестаттау жүргізу қағидаларына сәйкес тестілеу форматында өтті.
Сынаққа еліміздің әр өңірінен келген 150-ге жуық жаттықтырушы мен спорт төрешісі қатысты. Қатысушылар тестілеу барысында спорт саласына қатысты қолданыстағы заңнаманы, жарыс ережелерін және төрешілік жүргізудің заманауи талаптарын қаншалықты меңгергенін көрсетті. Сонымен қатар, допингке қарсы саясатқа қатысты негізгі қағидаларды білу деңгейіне де назар аударылды.
Екі күнге созылған аттестаттау қорытындысы бойынша қатысушылардың білім деңгейі бағаланып, талаптарға сәйкес нәтиже көрсеткен мамандарға 4 жыл мерзімге жарамды аттестаттау туралы куәліктер табысталды.
Мақала авторы: Қанат АТАМАНОВ
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0