Қазақстан мұнайын тасымалдайтын Chevron танкеріне шабуыл жасалды

Шілде 8, 2026 - 17:53
chat_bubble  0 visibility  2
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын Chevron танкеріне шабуыл жасалды
Фото: Yasa Shipping

Новороссийск порты маңындағы Каспий құбыры консорциумының (КҚК) мұнай тиеу терминалына бет алған мұнай танкері теңізде төтенше жағдайға тап болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Yasa Polaris танкеріне дрон шабуылы жасалған болуы мүмкін. Алайда шабуылды қай тарап жасағаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ кеменің қаншалықты зақымданғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Yasa Polaris танкері 2022 жылы пайдалануға берілген. Ол 160 мың тоннаға дейін мұнай тасымалдай алады. Кемені Түркияда тіркелген Yasa Holding компаниясы басқарады.

Оқиғаға байланысты Chevron компаниясы мәлімдеме жасап, Новороссийск маңындағы КҚК терминалдарына бағыт алған танкерге қатысты жағдайдан хабардар екенін жеткізді. Компанияның мәліметінше, қазақстандық мұнайды экспорттау қалыпты режимде жалғасып жатыр.

«Экипаж қауіпсіз жерде. Кеменің жағдайы тұрақты, танкер қауіпсіз портқа бет алды. Біз кеме операторымен тұрақты байланыстамыз», – делінген компанияның хабарламасында.

Айта кетейік, Chevron компаниясы басқаратын «Теңізшевройл» КҚК арқылы тасымалданатын CPC Blend маркалы мұнайының негізгі жеткізушілерінің бірі саналады. Экспортталатын мұнайдың басым бөлігі Қазақстандағы Теңіз кен орнынан өндіріледі.

Қазақстан мұнайының 80 пайыздан астамы Каспий құбыры консорциумы арқылы әлемдік нарыққа шығарылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0