Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте кірді

Қазан 13, 2025 - 10:19
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте кірді

Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлем бойынша алғашқы үштікке кірді. 

Биылдың өзінде ғана елімізде 15 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 1600 адам ажал құшып, 35 мыңнан астамы түрлі жарақат алған. 

Жол апаты бойынша әлем бойынша Ресей мен АҚШ көш бастап тұр. Үшінші орында Қазақстан. Бұл статистиканы БҰҰ-ға қарасты Еуропалық экономикалық комиссия жариялады.

Зерттеуге сәйкес, жол апаттарының 90%-ға жуығына жүргізушілердің қателігі себеп болады екен. Әсіресе жылдамдықты шамадан тыс асыру талай жанның өліміне әкелген. Ал жол-көлік оқиғаларының қалған 10%-ы жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауынан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow