Қазақстанға актер Бурак Өзчивит келді

Түркияның танымал актері Бурак Өзчивит Ақтауға келді.

Қазан 2, 2025 - 11:34
 0  18
Қазақстанға актер Бурак Өзчивит келді
Фото: instagram.com/burakozcivit

Ол 1-4 қазан аралығында өтетін түркі халықтарының «Қорқыт ата» кинофестивалінің хедлайнері атанды деп хабарлайды kznews.kz

Актер 1 қазанда қызыл кілемнен жүріп өтті. Салтанатты рәсім «Достық үйінің» алдындағы алаңда өтті. 

Бүгін, 2 қазанда, Бурак Өзчивитпен кездесу ұйымдастырылмақ. Кездесуге тек аккредитациядан өткен алғашқы 200 адам қатыса алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, актердің келуі фестивальдің ең маңызды оқиғаларының бірі болмақ.

Бурак Өзчивит «Ғажайып ғасыр», «Қоролёк – бұлбұл құс», «Қара махаббат», «Османның қайта өрлеуі» сияқты танымал сериалдардағы рөлдерімен әлемге танылған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0