«Қазақты әбден қор қылды ғой»: жапониялық порноактриса қазақтың ұлттық киімімен бейнежазба түсірді

Жапониялық танымал стример әрі бұрынғы порноактриса Rae Lil Black Қазақстанға келіп, қазақтың ұлттық киімін киіп көрді. Ол бұл сәтті бейнежазба түрінде әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, қолданушылар тарапынан жылы пікірлер мен қолдауға ие болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Бейнеролик Алматы қаласындағы таулы аймақта түсірілген. Онда Rae Lil Black қазақы нақыштағы көйлекпен ұлттық сән-салтты насихаттап тұрған сәті бейнеленген.
«Мен Қазақстанға келуді армандадым! Бұған дейін болмасам да, өзімді бұл елде бөтен сезінбеймін», – деп жазды ол Instagram парақшасында қазақ тілінде.
Желі қолданушылары Rae Lil Black-тің қазақ мәдениетіне көрсеткен құрметін жоғары бағалады. Пікірлер бөлімінде ұлттық киімнің көркемдігін атап өтіп, оның елге келгеніне қуаныш білдіргендер көп болды. Жүздеген қолданушы «таза ниет», «сұлулық пен мәдениет үйлесімі» деп пікір қалдырған.
2025 жылдың наурыз айында Rae Lil Black ислам дінін қабылдағаны туралы хабарлаған. Қазіргі уақытта ол жеке контентінде рухани өзгерістері мен дінге бет бұруы жайлы жиі бөлісіп отырады. Бұл қадамынан кейін ол өзіне қолдау көрсеткендерге алғыс айтып, жаңа өмірге деген көзқарасын білдіріп келеді.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






