«Қазір қатын құтырған заман болды»: Ақын Бақыт Бедалхан сұқбаты желіні шулатып жатыр
Ақын Бақыт Беделхан журналист Қанат Тілеуханмен болған сұхбат барысында қазіргі қоғамда әйелдер мәселесі мен отбасы құндылықтарына қатысты әңгімені естісе «жыны» келетінін атап өтті. Ол бұл тақырыптың өзіне ауыр тиетінін айтып, қазіргі желідегі үрдістер жайлы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Сұхбат кезінде ақын: «Эфирде, желіде, тиктокта қатын құтырған заман болып тұр ғой. Ал соны кім құтыртты? Психологтар! Олар қазір “еркектің күңі емессің, енең мен атаң саған ешкім емес, сен өмірге бір-ақ рет келесің, ойың мен жаның қалай қалайды – солай өмір сүр” деген ақылмен психологтар бұзып жатыр. Ал қазақтың дәстүрлі, бұрыннан келе жатқан қасиетті қара шаңырағын ұстап тұрған әйелдер өздері мына заманда әрең жүргенде “шынжырынан босаған ит сияқты” бәрі гу ете қалды. Соның кесір-кесапаты тиіп жатыр», – деп өз ойын жеткізді.
Оның пікірінше, психологтар әйелдерге «мен» деген эгоны қалыптастырып жіберген. Сонымен қатар ол биліктің отбасына қатысты заңдарды қабылдау арқылы жағдайды одан әрі ушықтырды деп есептейді.
«Оның үстіне біздің билікке рақат! Отбасылық заң шығарып, соған жағдай жасап берді. Әйелге ұрысқан, ұрған адам жауапқа тартылады. Оларды одан сайын құтыртты. Бұл – қазақ отбасын саналы түрде қолдан ойрандау. Бұл отансүйгіштіктен айыру, бірліктің тамырына балта шабу», – дейді ақын.
Бақыт Беделхан желідегі кейбір контенттерді көргісі келмейтінін де жасырмады.
«Желіні қарап отырып, “Мөлдір шығып қалмаса екен”, “Бадықова шығып қалмаса екен” деп отырамын. Ал ол қарапайым халық үшін анау шайтан қоздыратын әңгімеге дәнек, жем», – дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?